blog Images

“Өмірге үміт сыйла” қайырымдылық акциясы жүзеге асты

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің 2025 жылғы бағдарлықлық баяндамасында қайырымдылық бағытына баса тоқталған болатын.Осы орайда Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде “Өмірге үміт сыйла” қайырымдылық акциясы жүзеге асты.

Жыл басында бір жас жігіт пен бір жаңа туылған нәрестенің еміне“ Өмірге үміт сыйла” акциясын ашып, қаражат жинауға көмек көрсетуге әлем желіге ақпарат тараттық. Бүгін жиналған қаражатты табыстауға ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының басшысы Мақсатбек Қайырғалиев арнайы іс-сапармен келді.Алладан сауап үміт еткен жомарт жандардың «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жиналған 3 000 000теңге және  8 500 000теңге  қаржы өз иесіне табысталды.

Қайырымдылық шарасына атсалысқан,қолдау білдірген барша жандарға Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің атынан зор алғысымызды білдіреміз!Алла садақаларыңызды қабыл еткей!Алла Тағала балалардың дертіне шипа беріп, тезірек қатарға қосылуды нәсіп етсін!