

Бас имам Қарақия аудандық мешітінің тұрмыс-тіршілігімен танысты
ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілі Ануар Ізімбайұлы Қарақия аудандық мешітінің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында іс-сапармен келді.Бірінші кезекте бас имам ауыл ардагерлері және мешіт жамағатымен кездесу өткізіп, осы өңірдегі діни ахуал тұрақтылығын сақтау шаралары, ҚМДБ-ның бес бағытының маңызына тоқталып өтті.
Жиын барысында ҚМДБ-ның «Ас беру мәдениеті» құжатымен жан-жақты таныстырып ,құжаттың өзектілігін насихаттады.Халық түсінігінде берілетін астың, оқылған Құранның, жасалған дұға- тілектің қайтыс болған кісіге тигізетін пайдасы мен сауабы жайында терең сенім қалыптасқан. Ал марқұмдарға ас бермеу «ата-бабасын сыйламау, әруақтарды құрметтемеу» деп саналған. Сондықтан, құдайы ас берудегі осы жоралғыларды реттеу – өзекті мәселе екендігін бас имам айтып өтті.
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі