Облыстық мешітте жас отбасыларға арналған кеңес беру жиыны өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Шаңырағың шайқалмасын» атты жас отбасыларға арналған кеңес беру жиыны өтті.
«Ізгі қоғам» және «Дін мен дәстүр» бағыттары аясында өткен шараға облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Нұрасылұлы,облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы,облыстық мешіт наиб имамы Байкенже Серікбайұлы мешіт ақсақалдары мен қатар,жас отбасылар қатысып,жас жұбайларға некенің құндылығы туралы насихат айтты. Іс-шараға жас отбасылар шақырылып, тәлім-тәрбиеге толы насихат дәрістерімен сусындады.
Сонымен қатар,мешіт наиб имамы Жұмырбаев Жұмабай игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табатынлығын жеткізді.