ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ ҚАДІР ТҮНІ ХАТЫМ ДҰҒАСЫ ЖАСАЛДЫ
Бүгін – күллі мұсылман халқы асыға күтетін қасиетті Қадір түні.Биыл Маңғыстау облысына қарасты мешіттерде Рамазан айының құрметіне оқылатын тарауық намазында ай бойы Құран хатымы оқылған болатын.Мыңдаған мұсылман жамағаты бір үйдің баласындай бірлікпен сап түзеп, тарауих намазын оқып болғасын,Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде Қадір түні соңғы парасы оқылып, дұғасы жасалды.
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы құлшылық үйіне жиналған қауымды мың айдан да қайырлы түнінің келуімен құттықтап,ел амандығы үшін дұға жасады.






