

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ
Бүгін Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы аталып өтті.
Таңғы сағат 08:00- де мешітте айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы барша мұсылман қауымды Ораза айт мерекесімен құттықтап,бүгінгі күнді берекелі, сауапты өткізуге шақырды.Ораза Айт намазынан соң жиылған жамағат Жаратушы Алладан еліміз бен жерімізге амандық, тыныштық тілеп, дұға жасады. Дұға жасалып болғаннан соң, мешітке жиналған мұсылмандар бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтап, мерекелік шаттыққа бөленді.
Сондай-ақ,айт мейрамына орай, мешіт жандарынан қазақы ақбоз үйлер тігіліп, мерекеде ұлттық ойындарымыз дәріптеліп,киіз үйлер тігіліп, көпшілік қазақ күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күресі секілді спорт түрлері бойынша бақ сынамақ.Балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында облыстық мешіт ауласына балалар каруселі орнатылып,мерекеліп көңіл күй орнады.