ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ МАРҚҰМ БОЛҒАН ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН ДҰҒА ЖАСАЛДЫ
Бүгін ҚМДБ Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата »мешітінде асыл дінімізге қызмет етіп марқұм болған имамдар рухына Құран бағышталды.
Жұма намазынан соң облысымызда бірнеше жыл дін жолында қызмет етіп дүние салған Ахметхан қажы, Бекен қажы, Ізбасар, Орынбасар, Әбибулла, Ақан марқұмдар рухына Құран бағышталып,дұға жасалды.
Алла Тағала марқұм имамдарымыз бен ұстаздарымызға рақым етіп, жұмақтан орын бергей! Әмин!




