Облыстық мешітте Конституция күніне орай семинар ұйымдастырылды
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Конституция күні қарсағында «Отанды сүю -иманнан» тақырыбында семинар өтті.
Семинар жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында Маңғыстау облысының әйел-қыздар сектор жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы Исламдағы отан түсінігіне тоқталып, жас ұрпақты отанымызды сүюге, еліміз үшін қызмет етуге шақырды.