blog Images

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ “ИМАНИ ЖАЗ-2025” ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде дәстүрлі «Имани жаз-2025» сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жылдағы үрдіске сай биыл да жаз маусымында бүлдіршіндерге арнап өткізілетін тәрбиелі де өнегелі дәрістерге толы «Имани жаз» атты рухани сауат ашу курсының маңыздылығы жайлы насихат айтып,шәкірттерге оқу жолында сәттілік тілеп,жазғы маусымдағы уақыттарын пайдалы өткізуге шақырды.

Сонымен қатар,Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының педиатр,эндокринологы-Ешимова Әлия Қалдыбайқызы, хирург, уролог-Латипов Айтжан Шайхыұлы  жасөспірімдерге қазіргі таңдағы балалардың тез дайындалатын тағамдар мен газды сусындарға әуестілігінің денсаулыққа зияны жайлы түсіндіріп,салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді.

Діни сауат ашу курсында жас жеткіншектердің мешіт қабырғасында діни білім ғана емес, әдеп-тәрбие дәрістері, бала санасын дамытуға арналған түрлі ойындар, имандылық, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді тәлімі мол қасиеттер үйретіліп, дастархан батасын беру, ас ішер алдындағы дұға, Құран әліппесін үйрену сынды дәрістер өткізіледі.