ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ “ИМАНИ ЖАЗ-2025” ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ
ҚМДБ тарапынан бекітілген бес бағыттың бірі – «Діни оқу-ағарту» бағытының жылдық жоспарына сәйкес Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде өткен “Имани жаз-2025” жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады.
Жазғы демалысын мұсылманша сауат ашуға арнаған дарынды да зейінді балалар курста Құран әліппесі,тазалық,ата-ананы құрметтеу,әдеп-тәртіп дәрістерін үйренді.Сауат ашу курсының аяқталу жиынына Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қатысып,150 шәкіртке сертификат пен марапаттарды табыстады.Сондай-ақ, діни сауат ашу курсында білім алған жас шәкірттерді құттықтап,Алладан білімге деген ықылас пен зейін тіледі.










