Облыстық мешітте «Бақытты отбасының тірегі — ана»атты семинар өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Бақытты отбасының тірегі — ана» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды Нұр-Мүбарак университетінің профессоры, PhD доктор Әділбаева Шәмшат Амангелдіқызы жүргізді. Шәмшат Амангелдіқызы әйел бақыты, бақытты отбасы болудың құпияларымен бөлісті. Сондай -ақ,жамағатқа «үйдің- берекесі әйел» — дей келе ұстаз, «үйлерін- мешіт секілді жүректің , тыныштық мекеніне «- айналдыру өз қолдарында екенін атап өтті. Жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алды. Семинар соңында облыстық әйел-қыздар секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы Шәмшат Әділбайқызына алғысын білдіріп, сый сияпаттарын табыс етті.