blog Images

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ “БАБАЛАР ІЗІМЕН” КІТАБЫНАН БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің ұйымдастыруымен “Бір айда-бір кітап” жобасы аясында «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабынан білім сайысы өтті.

Білім сайысына 20-ға жуық мешіт жамағаты қатысып өз бақтарын сынады.Сайыс екі кезеңнен тұратын тест түрінде және ауызша сұрақтар қою негізінде өткізілді.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген «Бабалар Iзімен» кітабы бойынша өткен білім сайысында облыстық мешіттің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы мен мешіт ұстазы Марат Жарылқапұлы сайыстың негізгі шарттарын түсіндіріп,барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.Сайыс нәтижесі бойынша:

1- орын  Раева Санияш (50 000 теңге)
2- орын Инатуллаев Сардар   (30 000 теңге)
3-Қайыров Тәжібай   (10 000теңге) иеленіп,қаржылай жүлде сыйақылар табысталды.