blog Images

Облыстық мешітте “Аталар мектебінің” алқалы жиыны өтті

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы  “Дін мен дәстүр” бағыты аясында  ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық “Бекет ата” мешітінде бұқара халыққа және жастарға ақыл-кеңес  айтатын “Аталар мектебінің” алқалы жиыны өтті.

Жиынға облыс бас имамы ,мешіт ақсақалдары,ақсақалдар алқасының мүшелері,Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы арнайы қатысты.Алқалы жиында облыс бас имамы «Muftiyat» баспасынан шыққан «Дін мен дәстүр ІІІ» кітабын таныстырып,аталар мектебінің биылғы жылғы жұмыс жоспарын талқыланып, ақсақалдар тарапынан тиісті ұсыныс-пікірлер айтылды.Сондай-ақ, барлық қатысушы батагөй ақсақалдарға «Дін мен дәстүр ІІІ» кітабын сыйға  тарту етті.

Сондай-ақ жиын соңынан мешіт ауласына ақ қазақы үй тігіліп,дәстүрлі ақ дастархан жайылып,ақсақалдар  ас үстінде бас қосты. Ал, ақсақал қарияларымыз  еліміздің амандығы үшін дұға жасады.