blog Images

Облыстық кітапханада зағип жандармен кездесу өтті

«Ислам дәне отбасы құндылығы» жылы аясында Ақтау қаласындағы Қ.Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханада зағип жандарға арналған залдың оқырмандарымен «Рамазанға дайындық» кездесуі өтті.

Кездесуде Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы,облыстық мешіт наиб имамы Байкенже Серікбайұлы 2025жылға арналған жұмыс жоспарын түсіндіріп,алда келе жатқан Қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы насихат айтты.Кездесу соңында оқырмандар тарапынан сұрақтар қойылып,Марат Жарылқапұлы шариғат шеңберінде тұщымды жауап берді.Сондай-ақ, оқырмандарға Зағип жандарға арналған Брайль әдісімен жазылған Құран кітап және Құран әліппесі сыйға берілді.