blog Images

Облыс бас имамы Жаңаөзен қаласының әкімімен кездесті

ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары аясында Жаңаөзен қаласының әкімі  Сымбат Қуанышұлы Төретаевпен кездесті.

Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал, қала аумағындағы діни жұмыстардың жай-күйі және алдағы міндеттер кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, діни тұрақтылықты сақтау, мешіттердің жұмысын жандандыру және жамағат арасындағы рухани-ағартушылық бағыттағы жұмыстарды күшейту мәселелеріне назар аударылды.

Бұдан бөлек, облыс бас имамы Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітіне жаңадан тағайындалған бас имамды таныстырып, оған жауапты қызметінде сәттілік тіледі.