ОБЛЫС БАС ИМАМЫ VІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ
Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» тақырыбында VI Республикалық имамдар форумы өтті.
Форум аясында қоғам үшін өзекті екі құжат қабылданды. Олар «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы; «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» құжаты.
Жиын барысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы бойынша баяндама жасады.
“Қазақ халқында ислам дінімен ұштасқан, тамаша қалыптасқан отбасылық тәрбиенің бастауы отбасындағы әке мен ананың жауапкершілігінен басталады.Қазақта: «Отан – отбасынан басталады»деген ұлағатты сөз бар.Тәрбие бастауы отбасыдан басталады,ал отбасы тәрбиесінің тамаша үлгісінен ұлағатты ұрпақ өсіп шығады. Ислам діні үлкенді сыйлауға үндейді. Жастардың үлкендердің ақылын тыңдап, оларға құрмет көрсетуді насихаттайды. Қазақ отбасының қазынасы саналатын қариялардың өнегесі арқылы жас буынды өнеге мен ізгілікке тәрбиелеу маңызды”,- деді Әнуар Ізімбайұлы.





