ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Түпқараған ауданының әкімі Күмісқалиев Ержан Көпжасарұлымен кездесті.
Аудан әкімімен кездесу барысында ауданның тыныс-тіршілігі,діни ахуал,әлеуметтік жағдай,мешіттердің жай күйі талқыланды.Сондай-ақ,Түпқараған аудандық мешітіне бас имам қызметіне тағайындалған Бежен Серікболатты аудан әкіміне таныстырып,діни саладағы білімі мен еңбегі жайлы айрықша атап өтті.Сонымен қатар, Әнуар Ізімбайұлы бірлесе жұмыс жасап,ауданның рухани саласын дамыту ортақ міндетіміз екендігін айтып өтті.Кездесу соңында аудан әкіміне “Мүфтият” баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімен: қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын сыйға тартты.
Айта кетейік,қазіргі таңда Түпқараған ауданында 5 мешіт пен 1 рухани орталық жұмыс жасап тұр.



