blog Images

Облыс бас имамы «Шаңырақ» мешітінде жұма уағызын айтты

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

«Қазақ халқының дәстүрінде ананың орны,қыз баланың маңызы» тақырыбында жұма уағызын жүргізген облыс бас имамы қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетінде ана мен қыз баланың орны қашан да ерекше екендігін,ғалымдарымыз қыз баланы әрқашанда бірінші болып еркелетіп, мейірім шуағын шашуды Алла Тағала жақсы көретін ұнамды іс екендігін баян еткендігі жайлы айтып өтті.

Алла Елшісі (оған Алланың салуаты мен сәлемі болсын):

مَنْ كَانَ لَهُ ثَلَاثُ بَنَاتٍ، يُؤْوِيهِنَّ، وَيَكْفِيهِنَّ، وَيَرْحَمُهُنَّ، فَقَدْ وَجَبَتْ لَهُ الْجَنَّةُ الْبَتَّةَ، فَقَالَ رَجُلٌ مِنْ بَعْضِ الْقَوْمِ :وَثِنْتَيْنِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: وَثِنْتَيْنِ

«Кімде-кім үш қыздың әкесі болса, сондай-ақ оларға мейірімділік көрсетіп, қамқорлық жасаса, аялап өсіріп, тұрмысқа берсе, ол кісіге жәннатқа кіру міндет болып қалады. Пайғамбарымыздан: «Егер оның екі қызы болса қалай болады?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екі қызы болса да», – деген (имам Ахмад).

Алла Тағала біздерге салиқалы ұрпақ нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!