

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚАДІР ТҮНІНДЕ ЖАМАҒАТҚА УАҒЫЗ АЙТТЫ
Бүгін – күллі мұсылман халқы асыға күтетін қасиетті Қадір түні.Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қасиетті Қадір түнінде жамағатпен бірге хатым дұғасын жасап, жамағатқа «Қадір түнінің қасиеті мен артықшылығы» жайлы уағыз айтты.
Облыс бас имамы тарауық намазынан кейін жамағатпен хатым дұғасын жасап, әлемге бейбіт өмір, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, Құран Хатым сауабын ата-баба рухына бағыштап, мешіт жамағатына ауыз бірлік тіледі.