blog Images

Облыс бас имамы полиция қызметкерлерімен кездесті

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы полиция қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында облыс бас имамы «Исламдағы отбасы құндылығы»,»Отбасындағы әкенің рөлі»,»Қоғамдағы тыныштықтың маңыздылығы» тақырыбында насихат айтты.Сондай ақ,қоғамдағы тыныштық әрқайсымыздың отбасымыз үшін аса маңызды құндылық екенін,сол қоғамды құраушы әр отбасы мызғымас қоғамның іргетасы екендігін түсіндірді.

Әнуар Ізімбайұлы өз сөзінде: Отбасы – адам баласының өсіп — өнер,  қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы.Сондықтан отбасындағы құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.Ендеше, отбасымыздың бақытты да берекелі болуына әрбір мұсылман үлкен маңыз беріп, асыл дініміз талап еткен отбасылық ақыларды орындап, ізгі ұрпақ тәрбиелеуге тырысқанымыз жөн-деді.