blog Images

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ

 Ақтау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Этномедиацияны жүзеге асыру – уақыт талабы» тақырыбында маңызды жиын өтті.
Жиынға  ҚМДБ Маңғыстау облысының бас  имамы Әнуар Ізімбайұлы ,Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Этномедиация орталығы мен Маңғыстау облыстық Прокуратура, Сот және Білім басқармасы, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жиынға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А.С Қаныбеков, облыстық мәслихат және этномедиация кеңесінің төрағасы Ж.Ж.Матаев, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Р.Т. Мұстапаев, Маңғыстау облысының Прокуратурасының 3-ші Басқарма аға прокуроры Қ.Т. Майлыбаев, Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының судьясы А.Б. Базарова, Маңғыстау облыстық Білім басқармасының басшысы А.Я. Кумбаев, Маңғыстау облыстық полиция департаменті, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары, этномедиаторлар, мәслихат депутаттары, ассамблея жастары қатысты.
Ел ішіндегі бірлік пен татулықтың тұрақтылығын қалыптастырудағы этномедиацияның рөлі мен этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған жиында қоғамдағы әлеуметтік қақтығыстардың этносаралық қақтығыстарға айналып кетуіне жол бермеу, этносаралық шиеленіске жеткізбей, татуластыққа қол жеткізу мәселелері кеңінен талқыланды.
Басқосуда сөз алған облыстық мәслихат және этномедиация кеңесінің төрағасы Ж.Матаев Маңғыстау облысы бойынша этномедиация бағытындағы атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып өтті.
Сондай-ақ Маңғыстау облыстық Этномедиация кеңесі мен Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының және «Қоғамдық келісім» мекемесі мен облыстық білім басқармасының арасында жасалған меморандумдарға қол қойылды.
“Орайы келген осы тұста қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты, ынтымақ пен ауызбіршілікті, араздасқандарды ымыраға шақыруда мешіттердің қызметін атап өтуге болады. Расында мешіттер тек құлшылық ету орны ғана емес, бәлкім жұптасып жаңа өмірге қадам басқан жас отау иелеріне насихат беретін, әр түрлі ұлтаралық жастар арасында орын алатын келеңсіздіктерді өзара ымыраға шақыратын, араздасқан ағайын-туыстарды татуластыру ордасына айналып отыр”,-деді Әнуар Ізімбайұлы