Облыс бас имамы «Ар-Рахман»мешітінде насихат айтты
ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде насихат айтты.
Кездесу барысында бас имам «Адалдық – Пайғамбар жолы» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Уағыз барысында адалдықтың адам өміріндегі маңызы, мұсылман баласының қоғам мен отбасындағы жауапкершілігі және көркем мінездің құндылығы кеңінен айтылды.
Сондай-ақ жамағатты адалдықты өмірлік ұстаным етіп, ізгілік пен жауапкершілікті берік ұстануға шақырды.
Кездесу соңында жамағат көкейдегі сауалдарын қойып, өздеріне қажетті діни мағлұматтар алды.
