ОБЛЫС БАС ИМАМЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНДЕ ҚМДБ ҚҰЖАТТАРЫН НАСИХАТТАДЫ
Маңғыстау облыстық ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуарбек Ізімбайұлы VI Республикалық имамдар форумында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған екі маңызды құжатты таныстырды.
Жиын барысында облыс бас имамы аталған екі құжат «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы; «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» құжатының мәні мен мазмұнын егжей-тегжейлі түсіндіріп, маңыздылығына тоқталды.





