blog Images

Нұр-Мүбарак университетінің студентіне қайырымдылық көмек көрсетілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Жаңаөзен қалалық  «Шаңырақ» мешітінде Нұр-Мүбарак студентіне жатақхана ақысына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студентінің  жатақхана ақысына байланысты көмекке мұқтаж болған. Осыған орай студент қарындасымыздың  әкесі Жаңаөзен қалалық мешітіне көмек сұрап жүгінген.

Жаңаөзен қалалық мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлының ұйымдастыруымен «Зекет және қайырымдылық» қорымен бірге студенттің жатақханасының бір жылдық ақысы толықтай өтелді.

Бұл — білім алып, болашағына ұмтылған жастарға қолдау көрсетудің, сондай-ақ зекет пен қайырымдылықтың қоғамдағы өзара жәрдем мен жанашырлықты арттырудағы маңызды көрінісі.

Алла Тағала көрсетілген көмекті қабыл етіп, берекесін арттырсын!