blog Images

“Nisa Quiz” атты интеллектуалдық сайыс өтті

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қыздар жамағаты арасында интелектуалды логикалық сайыс өтті.

Әйел-қыздардың діни сауатын арттырумен қатар  білімдерін тексеру, жас зияткерлерді шапшаң ойлай білуге дағдыландыруға бағытталған сайысқа 30 шәкірт қатысты.

Айталық, сайыста діңгегі дінге байланған тарихи, логикалық  сұрақтар да болды. Қатысушылар 3 топқа бөлініп,өзара білімдерімен сайысқа түсті.

Интелектуалдық сайыс нәтижесі бойынша:

1 орын — «Айша тобы», 50 000 тг (ақшалай сыйлық)
2 орын — «Фатих тобы», 30 000 тг (ақшалай сыйлық)
3 орын — «Хадиша тобы», 20 000 тг (ақшалай сыйлық)

Қызықты әрі тартысты өткен сайыс соңында жеңімпаз топтар марапатталып,ақшалай сыйлықтар берілді.