blog Images

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ КІТАПХАНАНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған сапарында «Бекет ата» мешітінде болып, жаңа кітапхананың ашылу рәсіміне қатысты.

«Мешіт – тек құлшылық орны емес, сонымен қатар білім мен ғылымның ордасы. Біз осы бағытта мешіт жанынан кітапханалар ашып, жамағаттың білім алуына жағдай жасап келеміз. Жаңа кітапхана білімді жастарымыздың қатарын арттыруға өз үлесін қоса бермек» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, кітапханаға MUFTIYAT баспасынан шыққан еңбектер мен өзге де кітаптар қойылған.