blog Images

«Насихат керуені» Жаңаөзенде

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының бастамасымен бастау алған  дін қызметкерлерінен құралған «Насихат керуені» Жаңаөзенге ат басын бұрды.

Облыс бас имамы Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық «Сәби Атабайұлы» мешітінің жамағатымен жүздесіп, ақшам мен құптан намаз уақыты арасында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Түпқараған ауданының бас имамы Қадірқұлұлы Юнус Жаңаөзен қаласы «Қосай ата» мешітінде жамағатқа ақшам мен құптан намаз уақыты арасында уағыз-насихат өткізді.

Мұнайлы ауданының бас имамы Руслан Баймуханов Жаңаөзен қалалық «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінде ақшам мен құптан намаз уақыты арасында мешіт жамағатына  уағыз-насихат айтты.

Ақтау қалалық мешітінің найб имамы Айдос Муталиев Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде ақшам мен құптан намаз уақыты арасында уағыз-насихат айтты.

Ақтау қалалық мешітінің найб имамы Байғара Құрметхан Жаңаөзен қалалық «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде ақшам мен құптан намаз уақыты арасында мешіт жамағатына уағыз-насихат айтты.

Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің найб имамы Досанов Арман Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ «мешітінде ақшам мен құптан  уақыты арасында жамағатпен жүздесіп уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Дін қызметкерлерінен құралған «Насихат керуені» мешіт жамағатына уағыз-насихатын айтып ,турашылдыққа, иманға шақырды. Сонымен қатар тәубе, адамгершілік, Алланың мейірімі жайлы тілге тиек етіп, сұрақтарына жауап берді.Алдағы уақытта «Насихат керуені» Бейнеу,Маңғыстау,Түпқараған,Қарақия.Мұнайлы аудандарын аралайды.