«Насихат керуені»-Маңғыстау ауданында
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының бастамасымен бастау алған дін қызметкерлерінен құралған «Насихат керуені» Маңғыстау ауданына ат басын бұрды.
Облыс бас имамы Маңғыстау аудандық орталық «Шетпе» мешітінің жамағатымен жүздесіп,»Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында жұма уағызын өткізді.Мұнайлы аудандық «Ар-Рахман мешітінің» наиб имамы Телқожа Тайырұлы Маңғыстау аудандық «Шайыр» мешітінің жамағатымен жүздесіп,»Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында жұма уағызын өткізді.Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің ұстазы Әжімұхан Нұрмұханұлы «Тұщықұдық» ауылдық мешітіне барып,»Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында жамағатқа тұщымды уағызын айтты.Ал,Жаңаөзен қалалық «Әбіш Қожа» мешітінің наиб имамы Әбділмүтәліп Жорақұлұлы «Ұштаған» ауылдық мешітінің жамағатымен кездесіп,»Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.Мұнайлы аудандық «Төлей ишан» мешітінің наиб имамы Әбдилсамат Шералыұлы «Жармыш» ауылдық мешітінің жамағатымен жүздесіп,»Тәртіпке бағынған құл болмайды»тақырыбында уағыз-насихат айтты.Бұдан бөлек,Мұнайлы аудандық «Миғраж» мешітінің наиб имамы Бекбаев Мұхтар «Жыңғылды» ауылдық мешітінің жамағатымен кездесіп,»Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында жұма уағызын өткізді.
Дін қызметкерлерінен құралған «Насихат керуені» мешіт жамағатына уағыз-насихатын айтып, турашылдыққа, иманға шақырды. Сонымен қатар тәубе, адамгершілік, Алланың мейірімі жайлы тілге тиек етіп, сұрақтарына жауап берді. Алдағы уақытта «Насихат керуені» Бейнеу, Түпқараған, Қарақия мен Мұнайлы аудандарын аралайды.