«Насихат керуені»-берекелі Бейнеуде
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының бастамасымен бастау алған дін қызметкерлерінен құралған «Насихат керуені» Бейнеу ауданына ат басын бұрды.ҚМДБ тарапынан әр жұма сайын бекітілген тақырып аясында «Ашу-дұшпан,ақыл-дос» тақырыбында жұма уағызын өткізді.
Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Әбиев «Ер-Төлеп» ауылдық мешітінің жамағатымен жүздесіп,жұма уағызын өткізді. Ал,Мұнайлы аудандық «Төлей ишан» мешітінің ұстазы Ережеп Ердос «Боранқұл» ауылдық мешітінде,Мұнайлы аудандық «Аль-Хаким» мешітінің ұстазы Орашов Айдар «Сыңғырлау» ауылдық мешітінде ,Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің бас имамы Әлбетов Еркеғали «Әзірханов Басшы Айжанақұл» мешітінде,Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінің бас имамы Тілеумағамбетов Қажымұқан «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде,Ақтау қалалық «Ержан Хазрет» мешітінің наиб имамы Бахитжанов Ержан «Ақжігіт» ауылдық мешітінде болып, мешіт жамағатымен жүздесіп, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Дін қызметкерлерінен құралған «Насихат керуені» мешіт жамағатына уағыз-насихатын айтып, турашылдыққа, иманға шақырды. Сонымен қатар тәубе, адамгершілік, Алланың мейірімі жайлы тілге тиек етіп, сұрақтарына жауап берді. Алдағы уақытта «Насихат керуені» Түпқараған, Қарақия мен Мұнайлы аудандарын аралайды.