blog Images

«Намаз оқып үйренейік» атты дәріс өткізілді

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағатына Намаз оқып үйренейік атты практикалық дәріс өткізілді.

Практикалық дәріс намаз бастауға ниетті азаматтар мен жаңадан намаз бастаушы азаматтарға арналған.Практикалық дәрісті орталық мешіттің наиб имамы Оңғарбаев Байкенже Серікбайұлы жүргізді.Жиналған жамағатқа Ханафи мәзһабы бойынша намаз оқу үлгісін көрсетіп, намаз төңірегіндегі сұрақтарға жауап берілді.