Наиб имам жазасын өтеушілермен кездесті
«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінңң наиб имамы Оңғарбаев Байкенже ҚАЖД қарасты №77 мекемесінде оқшауланған айма қта жазасын өтеуші азаматтармен кездесу өткізді.
Наиб имам №77 мекемесінде оқшауланған аймақта жазасын өтеуші діни жат ағым өкілімен сұқбат жүргізіп, «Жихад», «Нәпсімен күресу»,жат ағымның қоғамға тигізер зияны жайлы айтып,қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап берді.