blog Images

Наиб имам жазасын өтеушілермен кездесті

Маңғыстау облысы Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің наиб имамы Досанов Арман Азанхулұлы ҚАЖД қарасты №77 мекемесінде оқшауланған аймақта жазасын өтеуші азаматтармен кездесті.

Кездесу барысында Арман Азанхулұлы бас бостандығынан айырылған азаматтармен жалпы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,«Нәпсіні тәрбиелеу», «Нәпсі тәрбиесі»  тақырыбында насихат айтып ,өз ойларымен бөлісті.Кездесу соңында жазасын өтеуші азаматтар өз алғыстарын айтып ,соңы сұрақ -жауапқа ұласты.