Наиб имам түзету мекемесіндегі азаматтармен кездесу өткізді
«Ислам және отбасы құндылығы »жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы ҚАЖД қарасты №77 мекемесінде оқшауланған аймақта жазасын өтеуші азаматтармен жеке және топтық кездесу өткізді.
Наиб имам №77 мекемесінде оқшауланған аймақта жазасын өтеуші діни жат ағым өкілдерімен сұқбат жүргізіп,”Исламдағы отбасы құндылығы” жайлы айтып,қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап берді.
