Наиб имам әскери қызметкерлерге рухани дәріс өткізді
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы Ақтау қалалық 25744 әскери бөлімінің әскери қызметкерлеріне «Отанды сүю-иманнан» тақырыбында рухани дәріс өткізді.
Асыл дініміз адамның Отан алдындағы әскери міндетін өтеуін, қажет болған жағдайда қару асынып, туған жерін қорғауын барлық мұсылмандарға парыз санайды.Рухани дәрісте отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында насихат айтылып,иманды жандар, жүрегі түзу мұсылмандар өзінің Отанын қастерлеу, өзінің Отанын қорғау, Отанын сүю киелі ұғым екенін білуі керектігін түсіндіріп өтті.
Отан жайлы насихат айтқан имам: «Отанын, елін, жерін жақсы көру – иманнан. Дін және отан – өте қасиетті ұғымдар. Ел игілігіне тілектес діндарлар үшін де Отаннан қымбат ештеңе жоқ. Себебі ислам діні мұсылманға өзі туып өскен Отанын сүюге, оны қорғауға үндейді. Отанды қорғау мұсылман баласы үшін сауапты амал болып саналады»— деп сөзін аяқтады.Шара соңында әскери бөлім қызметкерлері көкейінде жүрген сұрақтар қойып,насихат соңы сұрақ- жауаппен алмасты.