

Мысырдағы «Талаба» қауымдастығы мүшелеріне ауызашар берілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Талаба» қауымдастығының Мысыр еліндегі орта арнаулы, жоғары діни оқу орындарында оқитын 230 шәкіртке Маңғыстау облысы өкілдігінің атынан ауызашар берілді.
Ауызашар дастарханы Каир қаласындағы ҚМДБ-ның Сұлтан Бейбарыс мәдени орталығында жайылды.Қасиетті Рамазан айындағы елдің ыстық сәлемдемесіндей болған қайырымдылыққа дән риза болған шәкірттер ауызашар ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.