«Мұстафа»мешітінде «Мектепке жол»акциясы жалғасын тапты
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа» мешітінде «Мектепке жол – 2025» қайырымдылық акциясы өтті.
Шара барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың 40 баласына мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталды.
Іс-шара барысында мешіт бас имамы Айғабыл Дәуірханұлы сөз сөйлеп, игі шараның мән-маңызына тоқталды. Жаңа оқу жылына қадам басқан оқушыларға сәттілік тілеп, елдің игілігі үшін жұмсалған әрбір садақа мен зекеттің сауапты іс екендігін атап өтті.
Мешіт жамағаты мен қайырымды жандардың қолдауымен жүзеге асқан бұл шара балаларға қуаныш сыйлап, олардың мектепке дайындығына үлкен көмек болды.
