«Munara»газетінің бас редакторы имамдарға семинар өткізді
ҚМДБ «Иман» журналы және «Munara»газетінің бас редакторы Серікбол Хасан Маңғыстау имамдарына «Жалған ақпарат түрлері» тақырыбында танымдық семинар өткізді.
Шараға облыс бас имамы және өңірлік мешіт имамдары да қатысты.Семинарда ақпарат түрлері,жалған ақпараттан сақтану түрлері,жасанды интеллект жайлы,дәстүрлі медиа,әлеуметтік желілерді қолданудағы негізге алынатын кеңестер айтылды.
Сондай-ақ, семинарда бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда: әлеуметтік желіге ақпарат салынар алдын оның анық ақпарат немесе жалған ақпарат екендігіне көз жеткізу қажеттігі,ақпараттың дереккөздерін іздеу,басқа дереккөзбен салыстыру жайлы талқыланды.