blog Images

«Әль-Хаким»мешітінде «Имани жаз-2026»сауат ашу курсы аяқталды

Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінде ұйымдастырылған «Имани жаз – 2026» діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.

Курс барысында шәкірттер Құран әліппесін меңгеріп, ислам әдептері мен негізгі діни білімдер бойынша тәлім алды. Оқу бағдарламасын сәтті аяқтап, Құран әліппесін толық меңгерген шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар, жас талапкерлердің білімге деген ынтасын арттыру мақсатында оларға арнайы сыйлықтар берілді.

Алла Тағала барша шәкірттердің алған білімдерін өмірлерінде пайдалы етіп, ізгі амалдарының артуына себепші етсін.