blog Images

Мұнайшы ауылында Құрбан айт мерекесі жоғарғы деңгейде атап өтілді

Құрбан айт мерекесіне орай Қарақия ауданында орналасқан Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінде арнайы шара ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Заир Мұхаммадюсуфұлы бастамасымен жүзеге асқан мерекелік шара барысында елді мекен тұрғындары арқан тартыс, гір көтеру, қол күресі сынды ұлттық ойын түрлерінен сайыстарға қатысса, балалар асық атып, мергендігін сынады.