Мұнайлы ауданындағы мешіттерге бақылау жүргізілді
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің қызметкерлері Мұнайлы ауданындағы мешіттерге бақылау жүргізіп,тексеріс жұмыстарын бастады.
Облыстық мешіттің наиб имамдары бастаған дін қызметкерлері аудан мешіттерін аралап, мешіт тынысымен танысты. Тексеріс барысында мешіттің тазалығы, ақпарат тақтасы, мешіт құжаттары және мешіттегі кітаптардың діни басқарманың сараптамасынан өткендігін қадағалады. Әрі мешіт қызметкерлерінің алдағы уақыттарда белсенді қызмет атқару мақсатында ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды.