

Мұнайлы ауданына қарасты мешіттерге тексеру жұмыстары жүргізілді
«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлының бастамасымен Мұнайлы ауданындағы мешіттерге бақылау жүргізіп,тексеріс жұмыстарын бастады.
Әнуар Ізімбайұлы бастаған дін қызметкерлері аудан мешіттерін аралап, мешіт тынысымен танысты. Тексеріс барысында мешіттің тазалығы, ақпарат тақтасы, мешіт құжаттары және мешіттегі кітаптардың діни басқарманың сараптамасынан өткендігін,Рамазан айына дайындық жұмыстарын қадағалады. Сондай-ақ,соңғы уақытта Мұнайлы ауданындағы газдан улану жағдайларының орын алуына байланысты,мешіттердегі қысқы жылыту маусымындағы газ мәселесін қатаң бақылауды тапсырып,сақтандыру жұмыстары жүргізілді.Әрі мешіт қызметкерлерінің алдағы уақыттарда белсенді қызмет атқару мақсатында ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды.