Мұнайлы ауданы имамдарының жиналысы өтті
Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінде жергілікті құлшылық үйлері имамдарының жиналысы өтті.
Мұнайлы ауданының бас имамы Руслан Сағынтайұлының төрағалық етуімен өткен жиналыста ауданға қарасты мешіттердің тыныс-тіршілігі талқыланып, осы жылы ҚМДБ тарапынан бекітілген бес бағыт бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары тағы бір пысықталды.
Руслан Сағынтайұлы дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар беріп, бірқатар міндеттер қойып, табанды әрі жігерлі болуға үндеді.