МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНЕ ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітіне жаңа бас имам қызметке тағайындалды.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ержан Бақытжанұлы Мұнайлы аудандық орталық мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Қайрат Қошкелдіұлы жаңа бас имамды жамағатқа таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқыды.
Жиын соңында Қайрат Қошкелдіұлы облыс бас имамының сәлемін жеткізіп, жаңа бас имамға жауапты қызметіне сәттілік тілеп, діни саладағы жұмысына береке тіледі.
Айта кетейік, Ержан Бақытжанұлы бұған дейін Ақтау қалалық «Ержан хазірет» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.
