blog Images

«Мұханмедин Шихыұлы» мешітінде «Iqro Quiz» білім сайысы өтті

«Ислам және отбасы құндылығы»жылы аясында Қызылсай ауылдық «Мұханмедин Шихыұлы»мешітінің ұйымдастыруымен  Жаңаөзен қаласына қарасты мешіт жамағаты арасында «Iqro Quiz» білім сайысы өтті.

Мешіт жамағатының діни сауатын арттырумен қатар  білімдерін тексеру, жас зияткерлерді шапшаң ойлай білуге дағдыландыруға бағытталған сайыста логикалық және діни сұрақтар қойылды.Тартысты өткен топтық сайыс нәтижесі бойынша:

1 орын-«Аңсар» командасы

2 орын-«Жеңіс» командасы

3 орын-«Кәусар» командасы иеленіп,сондай ақ «Үздік қатысушы» номинациясын «Қосай ата» мешітінің жамағаты Нұрсұлтан бауырымыз иеленді.Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз атанғандарға қаржылай сыйлықтар табысталды.