blog Images

«Мұханмедин Шихыұлы» мешіті: Мерекелік шара ұйымдастырылды

Құрбан айт мерекесіне орай Жаңаөзен қаласының маңындағы Қызылсай ауылында орналасқан «Мұханмедин Шихыұлы» мешітінің ауласында шара ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Бералы Жалғасбайұлының бастамасымен жүзеге асқан шара барысында ауыл тұрғындары ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтсе, балалар үшін батуттар орнатылды.

Бұдан бөлек, елді мекен тұрғындары үшін ақ дастарқан жайылып, ауыл әкімі Қанат Қуатбайұлы ізгі тілегін білдірді. Балаларға түрлі ойыншықтар мен 700-ге жуық балмұздақ үлестірілді.