

“Мұхамметтің үмбеті – мұсылманмын” атты рухани кеш ұйымдастырылды
Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің жамағатының ұйымдастырумен “Мұхамметтің үмбеті – мұсылманмын” атты рухани кеш өткізілді.
Рухани кешке жиналған жамағатқа мешіттің бас имамы Адаев Оразбай Пайғамбарымыздың өмірінен ғибратты оқиғалар айтып, Сирадан білім сайыс ұйымдастырылды . Жиын ақсақалдардың батасымен тәмәмдалып, сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды .