blog Images

МЕШІТТЕРДЕ ҰОС ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

9-мамыр Ұлы Отан соғысының Жеңісі күні Маңғыстау облысына қарасты барлық мешіттерде Ұлы Отан соғысында шейіт болған ата-бабаларымыздың рухына Хатым Құран бағышталып,дұға жасалды.

Жұма намазынан соң Ұлы Отан соғысында ел үшін майданға шығып, шейіт болған  бабалар рухына Құран хатым дұғасы жасалып,жамағатпен бірге ел амандығы үшін дұға жасалды. Ел үшін соғысқан батырлардың ерлік істері мен соғыстың адамзатқа әкелген зор нәубеті жайлы айтылып, ақсақалдар жер бетінде бейбіт заман болуын тіледі.