blog Images

МЕШІТТЕРДЕ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Маңғыстау облысына қарасты барлық мешіттерінде зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккендердің рухына Құран бағышталды.

Қазақ халқына қасірет әкелген сол бір аумалы-төкпелі жылдарда мыңдаған адам жазықсыз түрмеге тоғытылды, аяусыз атылды, туған жерінен айдалып кете барды.Елі үшін жанын берген әрбір тұлғаның есімі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз. Жұма намазынан кейін мешіттерде дін қызметкерлері мен жамағаты жазықсыз жапа шеккендердің рухына Құран хатым дұғасы жасалып, Алладан ел амандығын мен жұрт тыныштығын тіледі.