blog Images

Мешіт жанындағы діни дүкендердегі кітаптарға тексеру жүргізілді

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата»  мешітінің аумағында орналасқан діни дүкендердің кітаптарын тексеру жұмыстары жүргізілді.

Діни кітап дүкендерін тексеру жұмыстарын облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы,ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің Маңғыстау облысы бойынша жауапты маманы Серіжан Аудабаев жүргізді.Діни кітаптарға шолу жасаудағы негізгі мақсаты – көпшілік оқырман қауымға арналған еңбектердің Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебіне толық сай екендігін қадағалау, сондай-ақ халық арасында дәстүрімізге жат ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу болып табылады.

Сондай-ақ,  діни дүкен иелеріне қойылатын талаптың бірі -сатылымдағы әрбір діни кітап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму миинистрлігінің Дін істер комитетінің дінтану сараптамасы мен бірге  Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған кітаптар ғана салытымға рұқсат етіледі.