blog Images

Мерекелік сыйлықтар мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілін серпілтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті және Маңғыстау қажылар қауымдастығы бірлесіп Құрбан айттың құрметіне арнайы шара ұйымдастырды.

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында жүзеге асқан игі шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, Қажылар қауымдастығының Маңғыстау филиалының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы, «Respublica» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұржігіт Нұрболатұлы «№3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілеріне тәттілер салынған «Құрбан айт базарлығын» үлестіріп, қуанышқа бөледі.