“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ”АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 100 БАЛАҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАНДЫ
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен,Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата»мешітінде «Мектепке жол – 2025» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасын тапты.
Аталған игі шара аясында 100 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелер сыйға беріліп, олардың білімге деген ынтасы мен оқу қуанышы еселенеді. Шара барысында облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қайырымдылық акциясы-қоғамда қайырымдылықты дәріптеу, мұқтаж жандарға қамқор болу және өскелең ұрпақтың алаңсыз білім алуына жағдай жасауға бағытталған игі бастама екендігін атап өтті.Сондай-ақ,балаларға жаңа оқу жылында табандылық тілеп, білімге ұмтылудың маңыздылығы жайлы насихат айтты.
Бұл шара – қоғамдағы мейірім мен ізгіліктің жарқын көрінісі.Қайырымдылық шарасына қолдау білдірген «ULY DALA» холдингі ұжымына мешіт атынан зор алғыс айтамыз!




